Жол апатына жасөспірім жүргізуші себеп болды
Теміртауда үш көлік қатысқан ірі жол апаты болды. «Mercedes», «Nissan» және «Nissan Juke» автокөліктері соқтығысып, үш адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды облыстық ПД мәліметінше, «Mercedes» автокөлігін 16 жастағы жасөспірім жүргізген. Ол қарсы бағыттағы көлікпен соқтығысып, артынша жарық бағанына соғылған.
Жалпы үш адам – «Mercedes» жүргізушісі мен «Nissan» көлігіндегі екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.
Полиция оқиғаны тіркеп, қазіргі таңда қажетті сараптамалар тағайындалған. Сараптама нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданады.