Алдағы үш күнде мегаполистерде ауа райы қандай болады

Автор: Дәулет Ботагөз

Үш ірі қалада аптап ыстық болып, жел соғады

Фото: © freepik.com

«Қазгидромет» РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалаларына арналған 2025 жылдың 20–22 шілдесіне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Астанадағы ауа райы болжамы

  • 20 шілде: Бұлтты әрі жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі 9–14 м/с. Түнде ауа температурасы +9…+11°, күндіз +23…+25°.
  • 21 шілде: Бұлт аралас ашық күн. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады – 9–14 м/с. Түнде +10…+12°, күндіз +26…+28°.
  • 22 шілде: Бұлтты, бірақ жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9–14 м/с. Түнгі температура +13…+15°, күндізгі +25…+27°.

Алматыдағы ауа райы болжамы

  • 20 шілде: Күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыс желі 3–8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с. Түнде +21…+23°, күндіз аптап ыстық +36…+38°.
  • 21 шілде: Аспан бұлтты болады, бірақ жауын жаумайды. Солтүстік-батыс желі 3–8 м/с. Түнде +21…+23°, күндіз +34…+36°.
  • 22 шілде: Бұлтты күн, жауынсыз. Шығыс желі 3–8 м/с. Түнде +19…+21°, күндіз +33…+35°.

Шымкенттегі ауа райы болжамы

  • 20 шілде: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс жел солтүстік-шығысқа ауысады – 8–13 м/с, күндіз екпіні 15–20 м/с. Түнгі температура +22…+24°, күндіз +36…+38°.
  • 21 шілде: Жауынсыз күн. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, күндіз 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде +21…+23°, күндіз +36…+38°.
  • 22 шілде: Бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 8–13 м/с, күндіз екпіні 20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде +23…+25°, күндіз +37…+39°.