Арнайы техникамен 6 гектар каннабис толығымен жойылды
Алматы облысының Райымбек ауданында жабайы түрде өскен ірі каннабис алқабы анықталды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Райымбек ауданында наркобекеттерді анықтау және жою мақсатында кең ауқымды профилактикалық іс-шараларұйымдастырылды. Операцияға аудандық прокуратура, полиция бөлімі және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері қатысты.
Райымбек ауданына қарасты Қызылшекара ауылының маңынан шамамен 6 гектар аумақты қамтыған жабайы каннабис өсімдіктері табылды. Арнайы техника арқылы өсімдіктердің барлығы толығымен жойылғаны хабарланды.
«Операцияның мақсаты – заңсыз есірткі айналымының жолын кесу және аудандағы наркоситуацияны бақылау шараларын күшейту», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.