Құтқарушылар көмекке келіп, есікті арнайы құралмен ашты
Қызылорда қаласында жас ана мен екі жастағы сәби лифт ішінде қалып қойған. Бұл туралы ақпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram арнасында пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 112 қызметіне техникалық ақаудан кейін лифттің тоғызыншы қабатта тұрып қалуытуралы хабарламадан басталған. Шұғыл әрекет еткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен лифт есігін ашып, ананы баласымен аман-есен сыртқа шығарды.
«Жедел жеткен мамандар лифт ішіндегі екі адамды қауіпсіз сыртқа шығарды. Медициналық көмек қажет болмады», – делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.
Мұндай жағдайларда қорықпай, төмендегі ережелерді сақтау маңызды: