«Концерттен ақша табамыз деп келген едік»: Димаштың жасөспірім шағындағы видеосы тарады

Автор: Асыл Арман

Әлемдік мегажұлдызға айналған Димаш Құдайберген қазір үлкен стадиондар концерт өткізіп жүр

Фото: Видеодан скрин

Әнші Димаш Құдайбергеннің жасөспірім шағында түсірілген видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеода жасөспірім Димаштың Орал қаласындағы теміржол вокзалында жүргенін байқауға болады.

«Концерттен ақша табамыз деп келген едік. Бірақ жолымыз болмай қалып, мәжбүрлі түрде үйден қуырып алып келген жұмыртқамызды сатып жатырмыз», – дейді Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, әлемдік мегажұлдызға айналған Димаш Құдайберген қазір үлкен стадиондар концерт өткізіп жүр.

Жуырда қылыш асынып, сауыт киген образымен жарқ етіп, жұртты тамсандырған суреті жарияланған болатын.