Жер сілкінісі Алматыдан 319 шақырым жерде орналасқан
Қазақстандық сейсмологтар жаңа жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеулер мен ақпараттың ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 18 шілде күні Астана уақытымен 13:16-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында – Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 319 шақырым жерде орналасқан.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілуі туралы мәлімет жоқ.