Сахнадан топ солисі бұл өте күлкілі жағдай екенін айтқан
АҚШ-тың Бостон қаласында өткен Coldplay тобының концертінде күтпеген жағдай болды. Камера Astronomer ІТ-компаниясының басшысы Энди Байронды компания қызметкері Кристин Кэботпен құшақтасып тұрған жерінен түсіріп алды. Бұл сәт концерт экранында көрсетілген сәтте, әйел адам бетін қолымен жауып, теріс қарап кетті. Ал Байрон көпшіліктің назарынан жасырыну үшін үстелдің астына тығылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Аталған кадр әлеуметтік желіде тез таралып, қоғамдық талқылауға себеп болды. Көп қолданушы бұл сәтті күлкілі әрі ыңғайсыз деп бағаласа, кейбірі мұндай жеке жағдайды жария ету этикаға сай емес деген пікір білдірді.
Журналист әрі қоғам белсендісі бұл оқиғаға жеке көзқарасын білдіріп, оны не себепті жариялағанын түсіндірді. Оның айтуынша, бұл – адамгершілік пен шешім қабылдаудың сәті, яғни «экстремалды таңдау» сәті.
«Бұл жағдай мені ойландырды. Осындай сәтте өзімді қалай ұстаймын? Жасырыну – әлсіздіктің белгісі. Ал көпшілік алдында адал болу – батылдық. Бірақ, өкінішке қарай, ол қателік жасады және карьерасына да қауіп төнді. Бұл – үлкен сабақ», – деді ол.
Видео бір тәулік ішінде 40 млн-нан астам қаралым жинап үлгерген.