Суды көп ішіп, спортпен шұғылдану артық салмақтан арылуға көмектеседі
Гастроэнтеролог Екатерина Кашух аптап ыстықта арықтауға көмектесетін бірнеше кеңес берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігер Life.ru басылымына күні бойы жеткілікті мөлшерде су ішуді, сондай-ақ жеңіл тағамды таңдауды ұсынды: көбірек жаңа піскен көкөністер мен жемістер, майсыз ақуыз тұтыну керек.
Оның айтуынша, салмақ тастаудың негізгі факторы калория тапшылығы болуға тиіс.
Сондай-ақ сарапшы спортпен айналысу керек екенін ескертті. Бірақ қарқынды жаттығуларды таңертең немесе кешке, ыстықтың беті қайтқанда жасаған жөн.
Сонымен қатар өз денсаулығыңызды бақылаңыз. Егер бас айналу, әлсіздік немесе жүрек айну сезімі болса, дереу салқын жерге барып, су ішу керек.