Қазақстанда доллардың құны 536 теңгеге жетті

Автор: Асыл Арман

Қазақстан қор биржасында доллар бағамы өсті

Фото: freepik.com

17 шілде күнгі күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 532,74 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 6,05 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің ресми бағамы – 526,5 теңге

ҚР Ұлттық банкінің 17 шілдеге бекіткен ресми бағамы – 526,5 теңге.

Алматы мен Астанадағы айырбастау бағамы

Kurs.kz сайтының деректеріне сәйкес:

  • Алматыда долларды сатып алу бағамы – 533,43 теңге, сату – 535,7 теңге.
  • Астанада сатып алу орташа бағамен – 529,78 теңге, сату – 536,76 теңге.