Ақмола облысында департамент басшысы парамен ұсталды (ВИДЕО)

Автор: Аягөз Құрмаш

ҰҚК мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерін тергеп жатыр

Фото: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаменті басқармасының басшысын пара алды деген күдікпен ұстады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазір күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қарастырылып жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етілмейді.