Қауіпсіздік органдарының бірлескен операциясы
Ішкі істер министрлігі ұйымдасқан қылмыстық топтардың жолын кесу және қылмыстың алдын алу бағытында жүйелі әрі кешенді жұмыстарды жалғастыруда. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қарағанды облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Балқаш қаласында арнайы жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізді.
Жедел операция нәтижесінде қала тұрғындарын қорқытып ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды.
Полиция бөлімшесіне 13 адам жеткізіліп, олардың сегізі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тергеу барысында күдіктілердің тұрғындардан 800 мыңнан 8 миллион теңгеге дейін ақша бопсалағаны белгілі болды. Сонымен қатар, олар жәбірленушілердің атынан заңсыз несие рәсімдеген.
Арнайы операция аясында 23 тінту жүргізіліп, нәтижесінде:
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жария етілмейді.