Ол Олимпиада ойындарында төрелік еткен алғашқы қазақ төрешісі
Қазақ боксының ардагері Серік Әбденәлиев 81 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Серік Әбденәліұлы Әбденәлиев 1939 жылдың 28 ақпанында Алматы облысы Жамбыл ауданында дүниеге келген.
«Оның бүкіл өмірі боксқа арналған болатын. Серік Әбденәліұлы атақты спортшы ретінде бірнеше рет ел чемпионы болған. Сонымен қатар мемлекеттік жаттықтырушы ретінде оның басшылығымен боксшылар Атлантада төрт олимпиадалық медальді жеңіп алды. Ол Сидней қаласында бокстан олимпиадалық жарыстарда төрелік еткен бірінші қазақстандық төреші ретінде танылды», - делінген Федерация таратқан хабарламада.