Сотта Перизат Қайраттың анасына жедел жәрдем қызметкерлері көмек көрсетті

Автор: Асыл Арман

Судья 5 минуттық үзіліс жариялады

Фото: instagram.com/01pk

Перизат Қайрат ісі бойынша өткен сот отырысының басында айыпталушының анасы – Ғайни Алашбаева сот процесі кезінде өзін жайсыз сезініп, денсаулығына шағымданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол қан қысымы көтеріліп, суық тигенін айтқан. Осыған байланысты судья сот отырысына үзіліс жариялау туралы шешім қабылдады.

«Қазір жедел жәрдем қызметкерлері сізге медициналық көмек көрсетеді», – деді судья.

Еске сала кетейік, сотта қайырымдылық қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сотта екі жәбірленуші жауап беріп үлгерді. Бұл – су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында қазақстандықтар қаражат аударған үшінші эпизод.