Прокуратура тексерісінен кейін 970 млн теңге бюджетке қайтарылды
Екібастұз қаласының прокуратурасы ірі бизнес субъектілерінің салық төлеудегі заңбұзушылықтарын анықтады. Тексеру қорытындысы бойынша, екі кәсіпорынның жалпы 971 миллион теңге көлемінде салық төлемегені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екібастұз ГРЭС-1 – 421 млн теңге салықтан жалтарған
«Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС салық шегерімін есептеген кезде кіріс әкелмейтін тауарлар мен қызметтерді заңсыз енгізген. Атап айтқанда, жөндеу жұмысы кезінде пайдаланылған шығындар салық міндеттемелерінен шегерілген.
Нәтижесінде бюджетке 421 миллион теңге көлемінде салық түспеген.
Вагон жасау компаниясы – 550 млн теңге салық тапшылығы
Сондай-ақ, «Қазақстандық вагон жасау компаниясы» ЖШС өнімді өткізуден түскен айналымды төмендетіп көрсеткен. Бұл да салық сомасының 550 миллион теңгеге азаюына себеп болды.
Қадағалау нәтижесі: заңбұзушылықтар жойылып, салық төленді
Қадағалау актісі негізінде салық органдары камералдық бақылау жүргізіп, кәсіпорындармен әкімшілік тыңдаулар ұйымдастырды. Тексеріс қорытындысы бойынша: