Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Автор: Асыл Арман

«Қазгидромет» ескерту жариялады

Фото: pixabay.com

Бүгін еліміздің төрт қаласында атмосферада зиянды заттардың шоғырлануы күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҚМЖ дегеніміз не?

ҚМЖ – қолайсыз метеожағдайлар дегенді білдіреді. Олар – атмосферада зиянды заттардың таралуына кедергі келтіретін табиғи құбылыстар. Атап айтқанда:

  • Тымық ауа (желдің болмауы);
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия (жоғарғы ауа қабаты төменгі қабаттан жылырақ болуы).

Осындай жағдайлар ластаушы заттардың жер бетіне жақын деңгейде жинақталып қалуына себеп болады.

Қай қалаларда ауа сапасы нашарлайды?

«Қазгидромет» 17 шілде күні төмендегідей қалаларда НМУ күтілетінін хабарлады:

  • Өскемен;
  • Алматы;
  • Атырау;
  • Ақтөбе.

Мұндай жағдай несімен қауіпті?

Қолайсыз метеожағдайлар кезінде ауа сапасы уақытша нашарлайды, бұл әсіресе тығыз құрылыс аудандарында, өнеркәсіптік аймақтарда тұратын тұрғындарға кері әсерін тигізеді. Мұндай кезде тыныс алу жолдарының аурулары бар азаматтар, балалар мен қарттар сыртта ұзақ болмағаны жөн.