Атырауда есірткі фитозертханасын ұйымдастырған күдікті ұсталды

Автор: Асыл Арман

Күдікті жедел шара барысында қолға түсті

Фото: Атырау облысының Полиция департаменті

Атырау облысында 52 жастағы қала тұрғыны есірткі өсірді деген күдікке ілінді. Полиция мен кинологиялық қызмет бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы нәтижесінде күдіктінің үйінен фитозертхана ретінде жабдықталған орын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

5 келі қарасора тәркіленді

Тексеру кезінде салмағы 5 келіге жуық 21 түп қарасора өсімдігі табылып, тәркіленді. Бұл өсімдіктер арнайы техникалық құралдармен өсірілген.

Қылмыстық іс тіркелді

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда.

Ескерту

Күдіктінің кінәсі сот шешімімен дәлелденбейінше, ол қылмыс жасаған деп есептелмейді (ҚР Конституциясы, 77-бап, 3-бөлім, 1-тармақша; ҚПК 19-бап, 1-бөлік).