Ол Батырдың қырқынан шығуын күтіп жүргенін айтты
Әнші Ерке Есмахан екі ұлының қазір жанында емес екенін айтып, кенже баласына 1 ай толғанын жеткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Перзентханадан келіп, үйде естелікке түскен суреттер. Ал дәл қазір Муслим – Америкада оқуда, Ислам – ата-әжесімен Оралда, Батыр – қасымызда. Кішкентай жақында 1 айға толды, енді қырқынан шығуды күтіп жүрміз», – деді әнші.
Әнші Ерке Есмахан уақыттың тез өтіп жатқанын айтып, оқырмандарына әр сәттің қадірін білуге үндеді:
«Уақыттың қалай зымырап жатқанын сезесіздер ме? Бәрі көзді ашып-жұмғанша өтіп жатыр. Сондықтан әр күнді бағалап, бақытты ғұмыр кешейік. Сәулелі сәттер көп болсын!» – деді ол.