Темекі өнімдерін Қазақстан аумағына жүк арасына жасырып өткізбек болған
Жамбыл облысындағы «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде 11 шілде күні шекара қызметінің мамандары ірі көлемде заңсыз темекі тасымалының жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК-ның мәліметінше, темекі өнімдерін Қазақстан аумағына ілеспе құжаттарсыз, тасымалданатын жүк арасынан жасырып өткізуге әрекет жасалған.
Тәркіленген өнім көлемі – 466 мың қорап темекі.
Мамандардың алдын ала бағалауы бойынша, тәркіленген темекінің жалпы нарықтық құны 233 миллион теңгеден асады.
Ұсталған заңсыз жүк одан әрі процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органға тапсырылды.