15.07.2025, 15:25
Жаңалықтар
Мәскеудегі нөсер жауын көшелерді шайып, көліктерді зақымдады (ВИДЕО)
Жерасты автотұрақтарға су толып жатыр
Фото: видеодан скриншот
15 шілде күні таңғы уақытта Мәскеу аспанын қою бұлт басып, қатты жауын мен найзағай басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павелецкая набережнойында санаулы минуттарда көшені су басты – тұрғындар резеңке етікпен жүруге мәжбүр болды.
Автозаводская көшесінде көліктің ішінде қалған екі адамды құтқаруға тура келген.
Нөсер салдарынан Мәскеудің бірнеше ауданында бизнес-орталықтар мен сауда орталықтарының автотұрақтарын су басты.
Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің аулаларындағы көліктер де су астында қалып, ондаған көлік зақымданды.
Қала билігі мен төтенше жағдайлар қызметі жаңбыр тоқтағанға дейін сыртқа шықпауға, жеке көлікпен жолға шықпауға кеңес береді.
Көп оқылған
19.10.2026, 09:24
Дильназ Ахмадиева мен «Азия» тобының ашық-шашық клипі үшін Алматыдағы колледж жазаланатын болды (ВИДЕО)
19.10.2026, 10:58
Мейрамбек Бесбаев 50-ге толды: туған жерінің қазіргі әкімі әншіге шапан жауып, бір құшақ гүл сыйлаған (ВИДЕО)
19.10.2026, 23:19
Қызының дүниеге келуін атап өткен: Абай облысының тұрғыны екінші рет сотталып кетті
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды