Оларға қатысты сот отырысы өтіп, үкім жарияланды
Қазақстанда 2025 жылдың маусым және шілде айларында діни радикализмді насихаттаған және терроризмге қатысы бар азаматтарға қатысты бірнеше сот үкімі заңды күшіне енді. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Шымкент қаласының тұрғынына қатысты сот терроризмді насихаттағаны үшін үкім шығарды. Тергеу барысында ол интернетте бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны дәлелденді.
ҰҚК жүргізген қылмыстық іс материалдары бойынша, күдікті радикалды көзқарасты интернет арқылы қабылдаған. Сот оны 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.
Астана қаласының соты терроризмді насихаттап, экстремистік ұйымдарға адамдарды тартумен айналысқан шетелдік азаматты кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айырды.
2025 жылдың басынан бері ҰҚК тергеген істердің нәтижесінде террористік және экстремистік сипаттағы қылмыстар жасағаны үшін 60-тан астам адам, оның ішінде 3 шетелдік азамат сот үкімімен түрмеге қамалды.