Мемлекетке қайтарылған активтерден 434,3 млрд теңге түскен
Үкімет отырысында премьер-министрдің төрағалығымен өткен жиында Қаржы министрі Мәди Тәкиев елге заңсыз шығарылған активтерді қайтару және сол қаражатты әлеуметтік маңызы бар жобаларға жұмсау барысы туралы есеп берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, Арнаулы мемлекеттік қорға заңсыз жолмен шетелге шығарылып, кейін мемлекетке қайтарылған активтерден 434,3 млрд теңге түскен.
Қайтарылған қаражаттың ішінен 318,1 млрд теңгеге 406 жоба іске асырылған. Бұл жобалар тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған: