605 қызметкерге зейнетақы сомасы аудырылмаған
2025 жылдың басынан бері «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 605 қызметкердің пайдасына 24 миллион теңге көлеміндегі міндетті зейнетақы жарналарын уақытылы төлемеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тараз қалалық білім бөлімінде еңбек еткен 19 зейнеткердің де құқықтары бұзылған. Олар үшін 3 миллион теңге көлеміндегі жарналар төленбегені белгілі болды.
Облыстық прокуратура хабарлағандай, Тараз қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде жалпы сомасы 27 миллион теңге зейнетақы жарналары толық көлемде өтелді. Прокурорлық қадағалау актілері нәтижесінде азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Прокуратура мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еңбек саласындағы құқықтарын қорғауға да ерекше назар аударды. Атап айтқанда:
Тараз қаласының прокуратурасы еңбек және әлеуметтік құқықтардың сақталуын жүйелі түрде қадағалап отыратынын мәлімдеді. Мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.