Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС-ке енгізілген өзгерістерге байланысты жаңа заңға қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген хабарламада.
Заң мемлекет басшысының жолдауын іске асыру аясында әзірленіп, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруды мақсат етеді. Заң нормалары медициналық көмекті қаржыландыру саласында ашықтық пен есептілік тетіктерін енгізуге бағытталған. Атап айтқанда, МӘМС қағидаттарын кеңейту және мемлекет жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен өзгерту, сондай-ақ жарналарды төлеуде уақытша үзіліс болған жағдайда сақтандырылған мәртебесін қорғау көзделген.
Атап айтқанда, қабылданған түзетулер медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, қаржы ағындарының ашықтығын күшейтуге және МӘМС жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ олар халықты сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейтуді, медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау мен жедел ден қою тетіктерін енгізуді көздейді.
Негізгі жаңалықтар:
Ақорданың мәліметінше, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.