$ 524.24  612.94  6.68
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Wizz Air күзден бастап Қазақстанға ұшпайтын болды

Мұндай шешімге Таяу Шығыстағы ахуал әсер еткен

Wizz Air күзден бастап Қазақстанға ұшпайтын болды
Фото: Reuters/Bernadett Szabo

Танымал еуропалық лоукостер Wizz Air 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абу-Дабидегі операциялық қызметін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл шешім Қазақстан бағыттарына да әсер етеді, себебі Абу-Даби – Wizz Air-дің Қазақстанға ұшатын жалғыз бағыты. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Таяу Шығыстағы тұрақсыздық – негізгі себеп

Авиакомпания Таяу Шығыстағы геосаяси тұрақсыздық пен жеткізу тізбегіндегі шектеулерге байланысты осындай шешім қабылдаған.

«Болып жатқан шектеулер мен нарықтарға шектеулі қолжетімділік жоспарымызды жүзеге асыруға кедергі келтірді», – деді компанияның бас директоры Йожеф Варади.

Қазақстаннан ұшатын рейстердің бәрі тоқтатылады

Қазір Wizz Air компаниясы:

  • Түркістан – Абу-Даби бағыты бойынша аптасына үш рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) қатынайды;
  • Алматы – Абу-Даби бағыты бойынша күн сайын рейс жасайды.

Енді бұл бағыттар да 2025 жылдың 1 қыркүйегінен кейін тоқтатылады.

Астана рейстері маусым айында-ақ тоқтатылған

Wizz Air Астанадан Абу-Дабиге ұшатын рейстерін 2025 жылдың маусым айының ортасында тоқтатқан болатын. Негізгі себеп – Таяу Шығыстағы шиеленіс пен қауіпсіздік мәселелері.

Дәл осы уақытта компания Өзбекстан, Қырғызстан, Израиль және Иордания елдеріне ұшатын рейстерін де тоқтатты.

Компания еуропалық нарықтарға шоғырланбақ

Wizz Air енді өз күшін Орталық және Шығыс Еуропа, сондай-ақ Аустрия, Италия және Ұлыбритания секілді негізгі нарықтарға бағыттамақ.

Серіктес жаңалықтары