Оның құмар ойынға 16 млн теңге салғаны анықталды
Ұлытау облысында мемлекеттік қызметші құмар ойындарды жүйелі түрде ойнағаны үшін жұмысынан қуылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлерге телекоммуникациялық желілер (интернет) арқылы, құмар ойындарға және бәс тігуге (ставка жасауға) қатаң тыйым салынған.
Прокурорлық талдау нәтижесінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің бас маманы осы заң талаптарын жүйелі түрде бұзғаны анықталды.
Ол «1XBET» және «OLIMPBET» букмекерлік кеңселері арқылы жалпы сомасы 16 миллион теңгеге жуық қаржыны құмар ойындарға жұмсаған.
Анықталған заң бұзушылық негізінде прокурорлық қадағалау актісі енгізілді. Оның қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды.