«Қазгидромет» 14 шілде, дүйсенбіге жасалған мәліметтерді ұсынды
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады, жаңбыр, бұршақ жауып, жел соғады, найзағай ойнайды деп болжап отыр, дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қостанай мен Көкшетауда күн күркірейді.
Қонаевта 35 градусқа дейін қатты ыстық болады.
Қызылорда облысында шаңды дауыл тұрып, жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.
Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел соғады, өрт қаупі өте жоғары.
Түркістан және Ақтөбе облыстарында 40 градусқа дейін қатты ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды, дауыл, жел соғады, өрт қаупі жоғары.
Семей, Өскемен қалаларында, Абай облысында найзағай ойнап, екпіні 15-18 м/с жел соғады, төтенше өрт қаупі бар.
Атырау қаласында, Атырау, Алматы облыстарында найзағай ойнап, жел күшейіп, 35-38 градусқа дейін ыстық болады.
Шымкент, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда және Ақтөбе қалаларында жоғары өрт қаупі сақталады.