Жаңа нысан 7 мыңнан астам тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында жаңа өрт сөндіру депосының ашылу рәсімі өтті. Бұл нысан 7 мыңнан астам тұрғын тұратын 30 ауылдық елді мекенге қызмет көрсететін тірек пункті болмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл депо ауылдық өңірлердегі қауіпсіздік пен қызмет сапасын арттыруға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі. Жаңа нысан 38 мың гектардан астам егістік алқапты және су айдындарын да қамтиды», – делінген хабарламада.
Жаңа ғимарат облыстық бюджет есебінен салынған. Онда:
Қызметке 23 өрт сөндіруші кірісті. Олар жаңа техникамен толық қамтамасыз етілген.
Ашылу салтанатына ТЖМ министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Нариман Төреғалиев, ТЖД қызметкерлері, ардагерлер мен жергілікті тұрғындар қатысты.
«Салтанатты шара аясында министр жаңадан алынған өрт сөндіру автоцистерналарының, жол талғамайтын көліктер мен қарда жүретін техниканың кілтін табыстады. Бұл техника алыс ауылдар мен жолы қиын аймақтардағы төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді», – делінген ТЖМ хабарламасында.