Олардың біру шотына 34 миллион теңгеден астам қаржы аударған
Орал қаласының прокуратурасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 24 мемлекеттік қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылып, 16 адам лауазымынан босатылды. Олар букмекерлік кеңселер арқылы заңсыз бәс тіккен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2024 жылғы наурызда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілердің бәс тігумен айналысуына қатаң тыйым салу қажеттігін мәлімдеген болатын. Осыған байланысты 2024 жылдың қыркүйегінен бастап шенеуніктердің букмекерлік кеңселер арқылы бәс тігуі заң бұзушылық болып есептеледі.
Алайда Орал қаласының прокуратурасы жүргізген мониторинг нәтижесінде:
OLIMPBET букмекерлік компаниясының мәліметінше, акимат қызметкерлерінің бірі 2021 жылдан 2025 жылға дейін өз шотына 34 миллион теңгеден астам қаржы аударған. Оның 970 мың теңгеден астамын ұтылып қалған.
Айта кету керек, бәс тігуді тыйым салынғаннан кейін де жалғастырған. Нәтижесінде бұл қызметкер жұмыстан босатылды.
Орал қалалық прокуратурасы:
Тексеріс қорытындысы бойынша:
«Орал қаласының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың, соның ішінде арнайы шектеулердің сақталуына жүйелі бақылауды жалғастырады», – делінген ресми хабарламада.
Қазақстан заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызметшілерге құмар ойындарға, соның ішінде онлайн-букмекерлік платформалар арқылы бәс тігуге қатысуға тыйым салынған. Бұл талап – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетігі ретінде енгізілген.