Суреттерді әлемге танымал фотограф Даниэль Кордан түсірген
Әлемге әйгілі канадалық әнші Джастин Бибер Instagram-дағы Stories-те Маңғыстау облысындағы ерекше табиғи нысанды – Боқты тауының суреттерін жариялап, қазақстандықтарды қуантты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі.
Боқты тауы Бибердің назарына ілікті
Әнші Instagram-дағы танымал @earthbestshots парақшасындағы Боқты тауының әсерлі фотосуреттерін өз парақшасына репост жасады. Бұл тау Үстірт қорығының аумағында орналасқан, ал ерекше формасы мен түсіне байланысты халық арасында «Тирамису» деп те аталып кеткен. Суреттерді әлемге танымал фотограф Даниэль Кордан түсірген.
Биіктігі 165 метр болатын Боқты тауы күннің шығуы мен батуы кезінде ерекше әсем түске енеді – оның қабатты жоталары алтын мен от түстес реңкке боялады. Бибердің бұл табиғи сұлулыққа назар аударуы қазақстандықтардың мақтанышына, ал шетелдіктердің қызығушылығына себеп болды.
«Бибер біздің табиғатты сториске салғанына сіз де шок болып отырсыз ба?», – деп жазды Instagram қолданушысы @dosmukhambetoova.
Джастин Бибер туралы қысқаша деректер
Бибердің шығармашылық жолынан: