Оқиға 11 шілде күні күндізгі уақытта болды
Қостанай қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан екі қабатты ғимаратта шыққан өрт төтенше жағдайлар қызметінің жедел әрекетінің арқасында дер кезінде ауыздықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылғы 11 шілдеде күндіз Қостанай қаласында екі қабатты коммерциялық ғимаратта өрт шықты. Өрт ошағы кеңсе орналасқан бөлмелердің бірінде болған.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру бөлімшелері шұғыл аттанды. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт ғимараттың басқа бөліктеріне таралмай, шағын аумақта толықтай сөндірілді.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталу үстінде.