Негізгі тәуекел тобына 2-13 жас аралығындағы балалар кіреді
Жаз мезгілінде балалардың терезеден құлау деректері жиілеп кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды кезекті рет балаларының қауіпсіздігін назарда ұстауға шақырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жаз басталғалы балалардың терезеден құлау жағдайлары еліміздің бірнеше өңірінде тіркелді. Астанада екі жасар бала бесінші қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қарағандыда үш жасар бала москит торына сүйеніп, үшінші қабаттан құлап көз жұмды. Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алған жоқ.
Көп жағдайда балалар қараусыз қалып, терезені өздері ашады. Ата-аналар терезедегі москит торын қауіпсіздік құралы ретінде қабылдайды, алайда ол баланың салмағын көтере алмайды. Бұл – салғырттықтың қайғылы салдары.
ТЖМ мамандарының мәліметінше, негізгі тәуекел тобына 2-13 жас аралығындағы балалар кіреді. Бұл жастағы балалар қозғалысқа белсенді, қауіп-қатерді сезіне бермейді және ересектердің бақылауын қажет етеді.
ТЖМ ата-аналарға мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады:
«Балалардың өмірі мен денсаулығына жауапкершілік – әрбір ата-ана мен қамқоршының мойнында. Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен трагедияның алдын алады», – деп атап өтті Төтенше жағдайлар министрлігі.