Қазақстанда доллар бағасы 520 теңгеден асты

Автор: Асыл Арман

Ресми доллар бағамы жарияланды

Фото: freepik.com

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша KASE-дегі орташа өлшенген доллар бағамы 520,93 теңгені құрады, бұл кешегі күнмен салыстырғанда 2,46 теңгеге жоғары, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық банктің 11 шілдеге бекіткен ресми доллар бағамы – 518,34 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу бағамы орта есеппен – 521,15 теңге, сату бағамы – 523,09 теңге. Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 519,22 теңгеге сатып алып, 525,26 теңгеге сатуда.

Еске салайық, 8 шілдедегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 0,08 теңгеге өскен, 9 шілдеде 0,61 теңгеге, 10 шілдеде 0,56 теңгеге төмендеген еді.