Финалда Марокко құрамасымен кездеседі
Қазіргі уақытта Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында таеквондодан «World Taekwondo Diamond Game» турнирі өтіп жатыр. Әйелдер арасындағы командалық сайыста өнер көрсететін Аида Тәукенова мен Камила Аймукашева финалға жолдама алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Отандастарымыз жартылай финалда Индонезия құрамасымен өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы финалдық жекпе-жекте Марокко құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.