Астана әуежайында полицейлерді боқтап, қорқытқан жолаушы сотталды

Автор: Асыл Арман

Ұшаққа кешігіп, тәртіп бұзды

Фото: nn-airport.kz

Елордадағы халықаралық әуежайда Алматы қаласының тұрғыны рейске кешігіп келіп, өз-өзін агрессивті ұстаған. Ол қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрған полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Балағаттап, қорқытты

Тергеу барысында анықталғандай, азамат полиция қызметкерлеріне балағат сөздер айтып, денсаулыққа зиян келтірумен қорқытқан. Бұл әрекеттері билік өкілінің заңды қызметіне кедергі келтіру және қорқыту ретінде бағаланды.

Сот үкімі шықты

Сот процесі барысында мемлекеттік айыптаушы кінәні дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынды. Істі қарау нәтижесінде сот азаматты кінәлі деп танып, оған 1 жыл 1 ай мерзімге бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді

Соттың шешімі заңды күшіне енді, енді азамат қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін бақылауда болады және еркін қозғалыс құқығы белгілі бір шектеулерге ұшырайды.