Тоқаев Моңғолия президентін құттықтады

Автор: Асыл Арман

Хабарлама Ақорда сайтында жарияланды

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухті Наадам мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарын дәріптейтін тарихы терең бұл мейрамда Моңғолия халқының береке-бірлігі арта беруіне тілектестік білдірді.

Сондай-ақ достас екі ел арасында қалыптасқан өзара құрмет пен стратегиялық серіктестік ортақ игілік үшін одан әрі беки түсетініне кәміл сенетінін жеткізді.