Яндекс Такси жүргізушілерінің мәселелері талқыланды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінде такси қызметтері нарығын мониторингілеу тобының кезекті отырысы өтті. Жиын барысында аппараттық-бағдарламалық кешендер мен (немесе) такси тапсырыс беруге арналған мобильді қосымшаларды қолданатын қызметтер нарығы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттіктің хабарлауынша, отырыс аясында Яндекс Таксидің алгоритмдік баға қалыптастыру тиімділігіне жүргізілген аудиттің нәтижелері қаралды. Аудитті Бәсекелестікті қорғау агенттігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және сарапшылармен бірлесе отырып жүргізген.
«Естеріңізге сала кетейік, Яндекс Такси антимонополиялық комплаенс аясында аудиттен өтуге міндеттелген болатын. Аудиттің мақсаты – Яндекс сервисін, оның ішінде такси қызметінің бағасына әсер ететін шарттар мен параметрлерді зерделеу», – делінген хабарламада.
Аудит нәтижесінде баға қалыптастыруға әсер ететін келесі тәуекелдер анықталған:
Бірқатар тәуекел жойылса, басқалары бойынша Яндекс міндеттемелер қабылдаған. Мәселен, агенттіктің хабарламасына сай, Яндекс+ адалдық бағдарламасының ережелері өзгертілген. Енді бағдарлама аясындағы барлық жеңілдік шығынын Яндекс өзі өтейді.
Компания өз комплаенс құжатына келесі талаптарды енгізді:
Кездесу барысында агенттікке келіп түскен өтініштер негізінде Яндекс Такси жүргізушілерінің мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2025 жылдың І тоқсанына қатысты Яндекстің антимонополиялық комплаенсті сақтау есебі тыңдалды.
Жиын соңында мониторинг тобы мемлекеттік органдар мен Яндекс Такси компаниясына арналған ұсыныстар әзірледі.