Ол темір қоршауға соғылып, көз жұмды
Павлодар облысында 7 шілдеге қараған түні орталық жағалауда ана мен оның үш баласы төрт дөңгелекті велосипедпен жүріп бара жатып, төмен қарай қатты жылдамдықпен металл қоршауға соғылған. Соның салдарынан зейнет жасындағы әйел ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайтыс болған әйелдің қызы мен үш немересі түрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Олардың жағдайы туралы ақпарат әзірге нақтыланбаған.
Оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қауіпсіздік талаптарын сақтамау фактісі бойынша жауапты тұлғалар анықталып, заң аясында шара қолданылмақ.