Оқиға Оқу-ағарту министрлігінің кіреберісінде болған
Instagram-дағы Astanovka98 парақшасының мәліметінше, белгісіз ер адам Министрліктер үйінің №11 кіреберісіне кіріп, Оқу-ағарту министрлігі ғимаратындағы турникетке жанғыш сұйықтық лақтырып жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға таңғы сағат 8:00 шамасында болған. Бұзақының әрекетінен кейін жергілікті өрт тұтанып, оны Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт сөндіргішпен жылдам сөндірді.
Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті оқиға орнында ұсталды. Оның жеке басы анықталып жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде.
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Ресми органдар әзірге толық мәлімет жариялаған жоқ.
Azattyq Rýhy Астана полициясына ресми түсініктеме алу үшін жүгінді.