Рельс төсеу жұмысы 80 пайызға аяқталды
Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Соның ішінде 18 шақырымға рельс төселіп, бұл бүкіл құрылыс көлемінің 80 пайызын қамтиды. Алайда суреттерге мән берсек, рельс жолдарын тот басып кеткенін байқауға болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құрылыс барысында темір мөлшері жоғары көміртекті немесе төмен легирленген болаттан жасалған арнайы рельстер пайдаланылады. Бұл материалдар LRT қозғалысына қажетті төзімділікті қамтамасыз етеді.
Компанияның мәлемітенше, темір ауа мен ылғалдың әсерінен табиғи түрде тотығады. Соның салдарынан бетінде тат пайда болуы – қалыпты құбылыс. Бұл рельстің сапасы мен қауіпсіздігіне еш әсер етпейді.
Көпшілік үшін күтпеген жайт болуы мүмкін: рельстерге бояу немесе лак жағылмайды. Себебі:
Жобалаушылардың айтуынша, тот рельс беріктігіне әсер етпейді. Пойыздар қозғала бастағанда, дөңгелектердің үйкелісі арқылы рельс беті өздігінен тазарады.
Астанадағы LRT жобасына арналған рельстер 2025 жылы арнайы өндірілген. Сондықтан оларда тоттың болуы – табиғи және техникалық тұрғыдан қалыпты жағдай. Бұл жағдай рельс сапасына және жалпы инфрақұрылым қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төндірмейді.
Рельс төсеу жұмысы бекітілген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Жоспар бойынша жолдың үстіңгі құрылысы 2025 жылғы тамыз айының соңында аяқталады.