$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Маңғыстау облысында автобус қағып кеткен 10 жасар қыз бала көз жұмды

Қазір автобус жүргізушісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды

Маңғыстау облысында автобус қағып кеткен 10 жасар қыз бала көз жұмды
Фото: Azattyq Rýhy

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 8 шілде күні сағат 17:30 шамасында жол-көлік оқиғасы болып, 10 жасар қыз бала мерт болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қыз бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды

Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтау – Маңғыстау бағыты бойынша жүріп бара жатқан автобус жолда келе жатқан қыз баланы қағып кеткен. Өкінішке қарай, бала алған жарақаттарынан сол жерде қаза тапты.

Автобус жүргізушісіне қатысты тергеу басталды

«Аталған факті бойынша автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша (көлік құралын жүргізу ережесін бұзу салдарынан адам өліміне әкелу) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.

Автобус айыптұраққа қойылды

Қазіргі уақытта автобус арнайы айыптұраққа қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен нақты себептері тергеу барысында анықталады.

Серіктес жаңалықтары