Қазақстанда 1116 жеңіл өнеркәсіп орыны жұмыс істейді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін жеңіл өнеркәсіп қызметкерлері күні

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  жеңіл өнеркәсіп қызметкерлерін мерекесімен құттықтайды, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Елде 1116 жеңіл өнеркәсіп кәсіпорыны бар. Онда  17,9 мың адам жұмыс істейді. Жеңіл өнеркәсіптің негізгі салаларына тоқыма, тігін, былғары, тері және аяқ киім өнеркәсібі жатады. Осы бағыттағы қызметкерлердің басым бөлігі әйелдер.

«Бүгінде саланың көптеген кәсіпорындары күрделі экономикалық жағдайларда ауыр сынақтан өтсе де, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыра отырып, өндірісті басқару әдістерін жетілдіріп, қызметкерлердің кәсіпқойлық деңгейін дамытып, сондай-ақ, қаржылық қызмет көрсеткіштерін жақсартып табысты дамуын жалғастыруда.Осы күн - жеңіл өнеркәсіп саласының қызметкерлері мен ардагерлерінің кәсіби мерекесі. Сіздердің арқаларыңызда ел азаматтары жергілікті өндірістің сапалы өнімдерін сатып ала алады. Осы ретте саланың барлық жұмысшылары мен мамандарын, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ардагерлерін мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!», ­- делінген хабарламада.