Қазақстанның басым бөлігі жаңбырлы болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Елдің батысында жоғары қысым аймағының әсерінен күн ашық әрі ыстық болады. Ал Қазақстанның қалған аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
10-11 шілдеде орталық пен оңтүстік-шығыста, 11-12 шілдеде солтүстік пен шығыста – жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі.
Еліміз бойынша желдің күшеюі болжанып отыр.
Ауа температурасы қалай өзгереді?
Оңтүстік-шығыста – күндіз 25-30 градус аралығында болады.