Алматыда арбаға таңулы қария әкесін боқтап, ұрған ер адамның видеосы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Видео әлеуметтік желіде таралып кетті

Фото: Видеодан скрин

Алматыда мүгедектер арбасына таңулы қария әкесін ұрған ер адамның видеосы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видеоны көшеде өтіп бара жатқан Алматы тұрғындарының бірі түсіріп алған. Онда жас жігіт арбада ес-түссіз жатқан әкесін шапалақпен бірнеше ұрғанын байқауға болады. Олар араша түсіп, мән-жайды сұрамақ болғанда мынандай жауап естіді.

«Бұл әкем ғой. Айып етпеңіздер. Үш күн болды, таппай жүргеніме», - дейді ер адам боқтық сөз аралас.