320 млн теңге бөлінген – бірақ концерт жабдықтары жеткізілмеген
Шымкент қаласы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті «Шымкент жастар театры» МКҚК директоры мен басқа да лауазымды тұлғаларға қатысты 136 миллион теңгеден астам бюджет қаржысын жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекеттік бюджеттен концерт ұйымдастыруға қажет жабдықтарды – колонкалар, сабвуферлер, сахналық фермалар, күшейткіштер мен микрофондар сатып алуға 320 миллион теңге бөлінген.
Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер:
Күдіктілердің бірі қылмыстық жолмен алынған табысты жасыру мақсатында жалпы құны 48 миллион теңге болатын автокөлік пен пәтер сатып алған. Аталған мүлікті сенімді адамдардың атына рәсімдеген
Сот шешімімен бұл мүлікке тыйым салынды.
Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынған, іс бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қаржылық теріс қылық жасағандар заң алдында жауап береді.