1 шілдеден бастап жаңа ең төменгі бөлшек баға күшіне енді
Қазақстанда 1 шілдеден бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы өзгерді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Қаржы министрлігінің бұйрығына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа ережеге сәйкес, 2025 жылғы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында фильтрлі, фильтрсіз темекі, папиростар, сигариллалар және қыздырылатын темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы 920 теңге болып белгіленді.
Қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекі өнімдерінің ең төменгі бағасы 970 теңгеге дейін көтеріледі.
Темекі бағасының өзгеру динамикасы: