Олимпиадаға 21 елден келген оқушылар қатысты
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында ISPhO-2025 халықаралық ғылыми физика олимпиадасы аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды иеленіп, әлемдік көшбасшылар қатарына сенімді түрде енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 21 елден келген қатысушылар арасынан бес қазақстандық оқушы он жүлдемен оралды.
Олимпиада екі негізгі турдан тұрды – теориялық және эксперименттік. Қорытынды нәтиже екі кезең бойынша жиналған ұпайлар арқылы анықталды.
Күміс медаль иегерлері:
Сондай-ақ олимпиаданың қола жүлдегері – Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Даниэль Түлебаев.