Тоқаев Антикордың директорын тағайындады

Автор: Асыл Арман

Антикор ҰҚК-ның құрамына қосылған

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директорын тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды.

Айта кетейік, президент қаулысымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрамына қосылған болатын.