Қарағанды облысында экологиялық заңбұзушылық: кәсіпорынға 55 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Асыл Арман

Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін «ГРЭС Топар» ЖШС жауапқа тартылды

Фото: istockphoto.com

Қарағанды облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы өңірдегі экологиялық жағдайды бақылау барысында «ГРЭС Топар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан бірқатар заңбұзушылықты анықтады. Тексеру жұмысты Топар кентіндегі суару және күл үйінділері учаскелерінде жүргізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауаның ластануы тіркелді

Экологиялық талаптар сақталмағандықтан, күл үйіндісін құрғату кезінде ауаның шамадан тыс шаңдануы байқалған. Бұл қоршаған орта мен тұрғындар денсаулығына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Экология департаменті заңбұзушылықты растады

Прокуратура «Прокуратура туралы» Конституциялық заңның 26-бабына сәйкес Экология департаментіне тексеру жүргізу туралы талап жолдады. Қорытынды бойынша, күл үйіндісін рекультивациялау (қалпына келтіру) рұқсатсыз және экологиялық сараптама қорытындысынсыз жүргізілгені анықталды.

Кәсіпорынға ірі көлемде айыппұл салынды

Анықталған заң бұзушылықтардың негізінде «ГРЭС Топар» ЖШС-ға 55 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл – қоршаған ортаға залал келтіргені үшін берілген жауапкершілік шарасы.

Қадағалау жалғасады

Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы алдағы уақытта да экологиялық заңнаманың сақталуын және барлық анықталған заң бұзушылықтардың жойылуын қадағалауды жалғастырады.