Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды – «Қазгидромет» ескерту жасады

Автор: Асыл Арман

8 шілде күні елдің бірнеше өңірінде зиянды заттар ауада шоғырланады

Фото: pixabay.com

Синоптиктердің мәліметінше, 8 шілде күні еліміздің бес қаласында атмосферада ластаушы заттардың шектен тыс жиналуы болуы мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ауада зиянды қоспалар неге жиналады?

Мұндай жағдай қолайсыз метеорологиялық факторлардың әсерінен туындайды. Яғни, ауа қабатында зиянды қоспалар жинақталып, ұзақ уақыт бойы таралмай қалады. Бұл құбылыс, әсіресе қала тұрғындары үшін қауіп төндіреді.

Қауіп қай қалаларда?

2025 жылғы 8 шілдеде қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) мына қалаларда күтіледі:

  • Орал;
  • Астана;
  • Алматы;
  • Ақтөбе;
  • түнде – Атырау».

ҚМЖ деген не және ол несімен қауіпті?

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – бұл келесі ауа райы құбылыстары:

  • тымық ауа;
  • әлсіз жел;
  • тұман;
  • температуралық инверсия (жылу қабаттарының ауысып кетуі),

Осы жағдайлар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың төменгі ауа қабатында жиналуына себеп болады. Нәтижесінде, әсіресе өнеркәсіптік аймақтарда және тығыз құрылысы бар аудандарда ауа сапасы күрт нашарлайды.