8–10 шілде аралығында найзағайлы жаңбыр жауады
8–10 шілде аралығында Қазақстан аумағында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМКбаспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс өңірлерде антициклон әсерінен ашық, құрғақ ауа райы сақталады.
Синоптиктер дерегінше, көптеген аймақта желдің күшеюі күтіледі. Ал солтүстік өңірлердетүнгі және таңғы уақытта тұман болуы мүмкін.
Температуралық көрсеткіштер:
– Түнде: +7…+15°C
– Күндіз: +20…+27°C
– Температура біртіндеп төмендейді
– Қатты аптап ыстық сақталады:
Күндіз: +35…+41°C,
Жаздың ортасында Қазақстанда контрасты ауа райы жиі байқалады: бір өңірде жауын-шашын мол түссе, екінші өңірде аптап ыстық орнайды. Мұндай құбылыстар ауыл шаруашылығына, техникалық инфрақұрылымға және адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мамандар табиғи құбылыстарға дайын болуды, жолда абай болуды және далада ұзақ жүрмеуді ескертеді.